Су айдыны Балқаш пен Аягөздің арасында жатыр. Ерекше құбылыс жылдың бір ғана мезгілі — шілде айының ортасында болады екен.
Бұл көл неге түнде жарқырайды? Су түбіне фосфор шөгіндісі жиналып қалған ба, әлде, көл жалтырауық жәндіктердің әсерінен көк түске бояла ма?!
«Түнде жанатын себебі — көлде жарқырауық шаяндар бар», — дейді су жағасындағылар. Ал бұл жәндіктер Тынық мұхитында мекендейтін болып шықты.