Шешім Грекиямен арада жасалған несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау туралы келісімшарт негізінде қабылданған. Бұл үшін грек үкіметі 14 шілдеге қарай 6 заң жобасын, оның ішінде жекешелендіру, зейнетақы және салық реформалары туралы құжаттарды мақұлдауы керек. Сондай-ақ Бельгия астанасындағы келіссөздерде Грекияға берілетін үшінші көмек бағдарламасы туралы ортақ мәміле жасалды. Кезең-кезеңмен жүзеге асатын бұл бағдарламаны 15 шілдеде Еуротоп қайтадан бас қосып, түбегейлі бекітетін болады. Халықаралық валюта қоры мен Еуроаймақ ұсынатын жеңілдетілген несие көлемі қазіргі болжам бойынша 90 миллиард еуроны құрамақ6 — деп хабарлайды http://24.kz/.