Достастық елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қысқарып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Достастық елдерінде 2015 жылғы қаңтар-мамырда 2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,6 пайызға қысқарған.
«Бұдан бөлек, Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2015 жылғы мамырда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,7 пайызға артты. Ал, өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 10,5 пайызға жоғарылап отыр», — делінген баспасөз баянында.