ОҚО-да «Жаңатас-Түркістан» бағыты бойынша темір жол ашылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да «Жаңатас-Түркістан» бағыты бойынша темір жол ашылмақ

ОҚО-да «Жаңатас-Түркістан» бағыты бойынша темір жол ашылмақ

Бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте қала әкімі Ә.Мақұлбаев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы тиісті ұсыныс «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жолданған. 
Бағдарлама аясында құны 867 млн. теңге болатын электротехникалық қондырғылар шығаратын зауыт салынса, жаңадан 50 адамды жұмыспен қамтитын трансформатор бөлшектерін шығару жобасы іске асырылуда. Ал Кентаудың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 1112,1 млн. теңге қаралып, бүгінде оның 612,4 млн. теңгесі игерілген. Қаланы жылумен қамтамасыз ету бағытында «Кентау қаласының жылу жүйелерін қайта құру» бойынша 712,118 млн. теңге қаралып, 9134,2 метр жылу құбырының 5500 метрі ауыстырылды. 160 көпқабатты тұрғын үйге қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілді. 
Сонымен қатар барлық бюджеттік мекемелерді жылу маусымына дайындау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып, қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етілді. 
Брифингте қала әкімі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында бес қабатты 60 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы бітіп, кезекте тұрған тұрғындарға пайдалануға берілгенін жеткізді. 
Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2015 жылы екі маманға 277 мың теңге көтерме жәрдемақы төленіп, тұрғын үй сатып алу үшін бір маманға 2879,9 мың теңге бюджеттік кредит берілді. 
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту-2020» бағдарламасы шеңберінде 358 көпқабатты тұрғын үйдің 314-і кондоминиум нысаны ретінде тіркеліп, 67 млн. теңгеге 9 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді», ‒ деді Ә.Мақұлбаев.

Фото - Caravan.kz