Карта арқылы енді облыстағы әрбір аудан мен ауылдық аймақтағы жер телімдері жайлы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Мәселен, нақты бір ауылда қанша жер иесінің бар екені, оны қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көруге болады. Бос учаскелер дереу мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Бұл әсіресе Батыс Еуропа — Батыс Қытай, Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы, Жетіген — Қорғас теміржолы мен Алматы — Талдықорған магистралды газ құбырын жүргізуге қажетті жерлердің сатылымға шығарылмауға өте ыңғайлы. Жерді оңды-солды үлестіретін шенділер де енді осы карта арқылы қатаң бақылауда болмақ. Қазірдің өзінде талай былықтың беті әшкереленіпті.
Жолан Омаров, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:
-Көлемі 3 мың 400 га багара шаруашылық жерлері, тұрғын үй құрылысыни жүргізуге, саяжай құрылысы және комморциялық мақсаттар үшін өзгерту фактілері орын алған. Жер участкелері 6-8 сотықтан 11 мыңнан астам ұсақ бөліктерге бөлінген. Бұл жаппай үйлер салу мен мақсатсыз пайдалануға алып келген.