Қос шенеунік бұған дейін талай рет ісі түскендерден тұрақты түрде ақша алып отырыпты. Сондай-ақ олар мемлекетке тиесілі ғимараттарды заңсыз жалға беріп, тәркіленген дүниелерді де тамыр-таныстарына арзанға сатып келген. Айта кетейік, Петр Дмитриенко кезінде Мәжіліс депутаты болған. «Құрмет» ордені мен 5 бірдей медалдің иегері. Өңірдегі қалталы азаматтарының бірі саналатын оның отбасына ең қымбат демалыс орны тиесілі. Қазір Дмитриенко да, қарамағындағы заңгері де абақтыда.