Қазақстанда сырттай 20 жылға сотталаған Әлнұр Мұсаев пен Вади Кошляк Венада ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сырттай 20 жылға сотталаған Әлнұр Мұсаев пен Вади Кошляк Венада ақталып шықты

Қазақстанда сырттай 20 жылға сотталаған Әлнұр Мұсаев пен Вади Кошляк Венада ақталып шықты

Австрия сотының үкімі еліміздің Бас прокуратурасын таңқалдырды! «Нұрбанктің» топ-менеджерлерін өлтірді деп айыпталып, Қазақстанда сырттай 20 жылға сотталағандар Венада ақталып шықты. Сөйтіп Әлнұр Мұсаев пен Вади Кошляк жазадан оңай сытылып отыр.

  • 14 Шiлде 2015
  • 235
Фото - Caravan.kz

Алқабилер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевты қос банкир Айбар Хасенов пен Жолдас Темірәлиевтің өліміне қатысы жоқ деп, толығымен ақтап жіберген. Ал арнайы қызметтің шенді офицері Вадим Кошлякті тек «адам ұрлауға қатысқан» деп, 16 ай шартты жаза кесті. Сөйтіп, «Нұрбанк ісі» бойынша басты айыпты — Рахат Әлиевтың қазасынан кейін сотқа тартылған екі сыбайлас та залдан босатылып отыр. Мұндай үкімге марқұм қаржыгерлердің жесірлері ғана емес, Вена прокуратурасы да келіскен жоқ. Алқабилердің тосын шешімі еліміздің Бас прокуратурасының да наразылығын тудырды. Қазақстан тапары жіберген Мұсаев пен Кошляктың қылмысын дәлелдейтін нақты айғақтар есепке алынбады дейді олар.