Естеріңізіге салсақ, іштері өтіп, қызулары көтерілген балалардың алды аурухағана өткен жұма күні түнде түсе бастаған. Демалыс күндері сырқаттанғандардың саны 69-ға жетті. 60-ы әлі дәрігерлердің бақылауында. Мамандар асхана мен оның қызметкерлерінен сынамалар алған екен. Бір аспаздан жұқпалы дерттің қоздырғышы анықталған. Жаппай ауру себебі де осы болуы мүмкін дейді мамандар. Санитар дәрігерлер енді облыс аумағындағы басқа шипажайларды да түгел тексермекші. Сондай ақ, «Серебрянный бордағы»қоздырғыш жұқтырған қызметкерге санитарлық кітапшаны бергендер де жазасыз қалмайды деп сендірді мамандар.