АҚШ-та ұшақтың құлауынан аман қалған қыз табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та ұшақтың құлауынан аман қалған қыз табылды

АҚШ-та ұшақтың құлауынан аман қалған қыз табылды

Вашингтон штатында  жеңіл моторлы ұшақтың құлауынан аман қалған қыз табылды.

  • 14 Шiлде 2015
  • 327
Фото - Caravan.kz

16 жастағы Оутемн Витчті көлік жүргізушісі тауып, жақын арадағы сауда орталығына әкелген.  Жергілікті шерифтің айтуынша, жолды іздеген Оутемн бірнеше күн таулы жерде түнеген.

Қазір қыз ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақталды. Ұшақ бортында болған тағы екі адам  Витчтің атасы мен әжесі туралы ақпарат әлі жоқ.  

Жеңіл моторлы ұшақтың жоғалуы туралы сенбі күні мәлім болды. Ол Вашингтон штатындағы Линден қаласына келуі керек еді, алайда онымен байланыс үзілген.