М.Абдрахмановты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасына санкция берді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Күдікті М.Абдрахманов 08.07.2015 жылы сағат 11-00 шамасында Шымкент қаласы, Темірлан тас жолында орналасқан «Автонұр» базарына барып, сол жердегі «Намазхананы» Шымкент қаласының әкімдігі мен ҰҚК-і бірігіп жапқанына ызаланып, сол күні сағат 14-00 шамасында Шымкент қаласының әкімдігі алдына келіп, өзінің ұялы телефонынан 102 сымтетігі арқылы қоңырау соққан. Ол «Автонұр» базарындағы намазхананы тез арада ашпаса, Шымкент қалалық әкімдігі және ҰҚК ғимараттарын жаратыны жөнінде жалған хабарлама жасаған», делінген хабарламада.
Іс бойына тергеу амалдары жүргізілуде.
Қаулы заң күшіне енген.