Алматыда аптап ыстық салдарынан өрт оқиғалары жиілеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аптап ыстық салдарынан өрт оқиғалары жиілеп кетті

Алматыда аптап ыстық салдарынан өрт оқиғалары жиілеп кетті

Алматыда аптап ыстық салдарынан құрғақ шидің, қоқыстардың өртенуі жиілеп кетті.

ТЖД өрт сөндірушілері қазір күніне 6 реттен аса өрт сөндіруге шығады, деп хабарлайд?

  • 14 Шiлде 2015
  • 559
Фото - Caravan.kz

ТЖД өрт сөндірушілері қазір күніне 6 реттен аса өрт сөндіруге шығады, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ауа температурасының аса жоғарылығы дала өртінің демде шартарапты алып кетуіне себеп болып отыр.

Егер өрт тауда немесе тау шатқалдарында болса, құтқарушыларға ол аймаққа жетудің өзі қиын соғады.

Статистика бойынша өрттің 90 пайызы тұрғындардың салғырттығынан орын алады.

Дала өрті Алматы тауларының басты байлығы — көк шыршаны қынадай қырып барады. Олардың табиғат аясында өсуі үшін 50 жылдай уақыт керек.


Бүгін Іле Алатау паркінің инспекторлары 2515 адамға өрт қауіпсіздігі туралы жаднама тапсырды. Тыйым салынған жерлерде от жаққан 110 адамға 830 мың 38 теңге көлемінде айыппұл салынды.