Атыраулық «қария бала » үйлену тойын дүркіретіп өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық «қария бала » үйлену тойын дүркіретіп өткізбек

Атыраулық «қария бала » үйлену тойын дүркіретіп өткізбек

Атыраулық қарт-бала - Нұржан Өркешбаев отау құрмақ. Ерте қартайып, түрі 70-гі шалға ұқсап тұрса да 20 жасқа енді толған жігіт алдағы тамыз айында шаңырақ көтермекші екен. Қалыңдығының есімі де белгілі.

  • 15 Шiлде 2015
  • 543
Фото - Caravan.kz

Нұржан мен Әсемгүл есімді бойжеткеннің тойға шақыру билеті мен жас жұбайлардың бірге түскен суреттері ғаламторға жарияланған. Қарт-жігіттің болашақ жары Құлсарының тумасы, оқуды енді аяқтапты. Той жайлы қысқаша ақпарат берген Нұржанның өзі 400 мейманның шақыртылғанын айтқан. Туған-туысты айтпағанда қонақтардың ішінде ресейлік шоумен Андрей Малахов және операция жасаған алматылық дәрігерлер бар екен. Малахов кезінде бағдарламасына келген Нұржанға «үйленсең тойыңа барам» деп уәде еткені есте. Нұржан Өркешбаев туабітті өте сирек кездесетін прогерия ауруымен ауыратынын айта кетейік. Яғни баланың терісі тез қартайған. Ісіп, әжімге айналған бетіне 4 жыл бұрын отандық хирургтар пластикалық операция да жасаған болатын.