Сенатор халықтың балықты тоя жей алмайтынына өкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор халықтың балықты тоя жей алмайтынына өкінді

Сенатор халықтың балықты тоя жей алмайтынына өкінді

Сенаторлар каникулға шықты! Бүгін 4-ші сессиясын аяқтаған Парламенттің жоғарғы палатасы бірнеше заңды бір сағаттың ішінде қабылдап, шапшаңдық танытты.

  • 15 Шiлде 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

Осыған қарағанда, биыл каникулға кеш шыққан сенаторлар демалысты асыға күтіп жүргендей. Енді ертең Парламенттің қос палатасы біріккен жиын өткізіп, сессияны ресми түрде аяқтайды. Ал бүгін сенаторлар балықты тоя жей алмай жүрген жұрттың жағдайын көтерді. Бұрын бір адам жылына 14 келі балық жесе, қазір 5-ақ келі екен. Осыған ашынған халықтың қалаулылары балық шаруашылығын өркендету үшін мемлекеттің қолдауы мен су тоғандарын толтыруды сұрап отыр. Сонымен қатар мардымсыз зейнетақы алатын дипломаттар мен тарихи ескерткіштердің мәселесін қозғап премьердің атына сауал жолдады. Сессия жұмысын қортындылаған спикер Қасым-Жомарт Тоқаев болса, жыл бойы жұмыстан бас алмаған әріптестеріне алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:

-Кәсіби әрі тиянақты жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Осы палатаның отырысын жабық деп жариялаймын.  Жақсы демалыңыздар. Рахмет.