Қуаты 110 мың вольттық сымды үзіп кеткен жүк көлігінің жүргізушісі тіпті оны байқамай, жүрісін әрі қарай алаңсыз жалғастыра берген. Ал сым тиген жерде лезде от тұтаныпты. Қайта оны тұрғындар дер кезінде өшіріп үлгерген. Десе де апат салдары орасан. Таңертеңнен бері қаланың жартысына жуығы жарықсыз отыр. Трамвай да жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Оқыс оқиғаға себепкер болған көлік жүргізушісін полицейлер ұстады. Енді ол қомақты айыппұл төлейтін болады.
Сергей Ушаков, «ВК РЭК» АҚ басқарма басшысының орынбасары:
— Тексеру жүргізетін боламыз. Оның қорытындысы Атом энергиясын қадағалау комитетіне жіберіледі. Қалған мәліметтер мен материалдарды сотқа өткіземіз.