Астанада биіктен құлаған тағы бір құрылысшы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада биіктен құлаған тағы бір құрылысшы қаза тапты

Астанада биіктен құлаған тағы бір құрылысшы қаза тапты

Астананың құрылыс алаңындағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың саны артты. Бүгін 20 метр биіктен құлап, өлім аузында жатқан тағы бір шетел азаматы қайтыс болды. Сөйтіп, қайғылы жәйттен жан тапсырғандардың саны 4-еуге жетті.

  • 15 Шiлде 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Қазір ауруханада ауыр жарақат алған әлі 2 жұмысшы жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне төнген қауіптің сәл де болса сейілгенін айтады. Жоғарғы қабаттан құлаған 6 адамның барлығы Косово азаматтары. Балқан түбегінен Қазақстанға нәпақа іздеп келіп, ажал құшқандардың сүйегін туған жеріне қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Есілдің сол жағалауындағы қайғылы жағдайға қарамастан құрылыс тоқтатылмаған. Тек кешегі сұмдық оқиғаны өз көзімен көріп, есеңгіреп қалған жұмысшыларға демалыс беріліпті. Салынып бітпей жатып күллі елге аты шыққан мұз сарайын Швейцариялық алпауыт компания тұрғызып жатыр екен. Еңбек инспекциясы компанияға марқұмның туыстары мен зардап шеккендерге қол ұшын созып, барлық шығынды төлеуге міндеттеп отыр.