ШҚО-да аудан әкімін өлтірді деген күдікпен оның жүргізушісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да аудан әкімін өлтірді деген күдікпен оның жүргізушісі ұсталды

ШҚО-да аудан әкімін өлтірді деген күдікпен оның жүргізушісі ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында аудан әкімі өз үйінде өлі  күйінде табылды. Күршім ауданын 8 жылдай басқарған 64 жастағы  Алтайбек Сейітовтің денесінде зорлық белгілері бар. Әзірге шенеуніктің көлік жүргізушісі күдікке ілініп отыр. Өйткені Сейітовты соңғы рет көрген де сол екен. Ал бала-шағасы сапарда көрінеді.

  • 15 Шiлде 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға жайлы әкім аппаратының қызметкерлері әзірге тіс жармады. Дегенмен әртүрлі болжамдар айтылуда. Әкімнің қазасы — ұлының ісімен байланысты болуы да мүмкін. Айта кетсек, Алтайбек Сейітовтың баласы Бақытжан «Семей инжиниринг» компаниясын басқарған. Бірақ пара алғаны үшін былтыр 8 жылға сотталған болатын. Бұл болжамдардың барлығын қазір полиция тексеріп жатыр.