Жалын 65 шаршы алаңды шарпыды. Жүздеген қараағаш отқа орнады. Өрт 13 шілдеде сағат 18:00-де басталған. Оқиға орнына 28 адам, 5 техника, бірнеше су таситын көліктер көмекке келді. Жарты сағатта өрт сөндірушілер тілсіз жауды оқшаулап, 50 минуттан кейін ол толықтай ауыздықтады.
Тергеу барысында полицейлер бұл күні дендропаркте құрылыс жұмыстары жүргізілгенін анықтады. Темірді өңдеп жатқан кезде от ұшқыны құрғақ жерге шашыраған болып шықты. Әзірге бір жұмысшының кінәсі анықталды. Оған өзгенің мүлкін зақымдады деген айып тағылуда.
Өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 202-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір залал көлемі анықталуда, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.


