Еске сала кетейік, 2015 жылғы 15 маусымнан бастап, Абай даңғылының бойында арнайы жолақ сызылған болатын. Аталған жолмен тек қоғамдық көліктер жүруі тиіс. Маусымның 1-інен 15-іне дейін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полицияның хабарлауынша, жолдың аталған аймағында 771 жүргізуші жол ережесін бұзған. Олардың көбі көлікті тыйым салынған тәртіпте қойып, жолаушы түсірген. Сондай-ақ, тек қоғамдық көлікке арналған жолақты жүріп өткен. Бір айдың ішінде 78 көлік айып тұрағына қойылды.
«Жеңіл көліктерге белгілі бір тұстарда жолаққа кіріп, шығуға рұқсат етілген. Алайда, көптеген жүргізушілер қойылған жол белгілері мен жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамай ережені бұзып, тыйым салынған жерлерден кіріп, шығып жүр. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков.