Б.Сағынтаев Мәскеуде ЕЭК Кеңесі отырысына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Сағынтаев Мәскеуде ЕЭК Кеңесі отырысына қатысты

Б.Сағынтаев Мәскеуде ЕЭК Кеңесі отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты.

  • 15 Шiлде 2015
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық интеграциясын тереңдетуге бағытталған оннан астам құжат жобасын талқылады», — делінген ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Атап айтқанда, ЕАЭО мен ЕЭК органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу мәселелері, одақтың бюджеттік жіктелімінің құрамы мен құрылымы туралы Ереже, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Беларусь Республикасы аумағына келу жағдайлары туралы Еуразиялық экономикалық одақ пен Беларусь Республикасы арасындағы Келісім жобасы туралы» шешім жобасын талқылады.
Отырыс барысында цемент пен шыны өндірісін қоса алғанда, құрылыс материалдарын өндіру саласындағы ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.
Жалпы алғанда, ЕЭК отырысының қатысушылары Мәскеудегі кездесуде еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша өзара тиімді шешімге келді.