Алматыда ақылы автотұрақтар ашыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ақылы автотұрақтар ашыла бастады

Алматыда ақылы автотұрақтар ашыла бастады

Көшеде көлік қалдыру енді көп жерде ақылы! Алматыда алдағы 2 айдың ішінде 80-ге жуық ақылы автотұрақ жұмысын бастайды. Ал, жылдың аяғына дейін олардың саны 200-ге жетпек. Яғни, бұдан бұлай тұрақ белгісі бар жерге бір сағатқа тоқтау құны 100 теңге. Ақшаны жүргізушілер арнайы паркоматтар мен мобильді паркинг арқылы төлеуі тиіс. Қала басшылығы көлік тұрағына қатысты осындай тағы бір көлемді жобаны қолға алып жатыр.

  • 16 Шiлде 2015
  • 216
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы ақылы тұрақ мәселесін шешу үшін шаһар басшылығы соңғы 3 жылдан бері талай шараны қолға алып келеді. Бұған дейін бюджеттен миллиондар жұмсалып, көшелерге жаппай паркоматтар қойылған. Бірақ онысы өз-өзін ақтамай, ақыры жабылып тынды. Енді әкімдік жаңа жобаны қолға алып жатыр. Алдағы екі айда тағы 80-ге жуық ақылы тұрақ ашылмақ. Ал жыл соңына дейін олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланған.

Еркебұлан Оразалин, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

— Осы 200 учаскенің бойындағы басқа да жұмыс істеп жатқан тұрақтардың бәрі заңсыз. Оларды осы көшелерден алу үшін біз арнайы конкурс өткіземіз. Заңсыз істеп жатқан компаниялардың бәрін көшелерден тазалаймыз.

Жүргізушілерге тиімді болуы үшін ақысын төлейтін арнайы абонементтік карталар да шығарылған. Тек 1 ғана тұраққа тоқтайтыны 7500 теңге тұрады. Ал, кез-келгеніне еркін тұрақтау үшін бір айлық картаның бағасы 9 жарым мың.

Диас Қалмағамбетов, жоба менеджері:

Күн санап мұндай абонементтік картаны алатындар саны артып келеді. Алғашқы күндердің өзінде 100 данасын өткіздік. Қайта-қайта паркоматка жүгіріп, тиын-тебен іздегенше бұл өте ыңғайлы.

Енді тұрақтың ақысын орнатылған паркоматтармен қоса мобильдік паркинг арқылы да төлеуге мүмкіндік бар. Ал, 100 теңгесін қимағандар 6 мың теңге айыппұл арқалауы мүмкін. Бір қуантарлығы, кеудеше киіп алып, көрінген жерде заңсыз ақы жинап жүретін автотұрақ қызметкерлері енді болмайды деп сендірді әкімдіктегілер.