Сондай-ақ, Фарухжан Индиминов қылмыстық істі жүргізуге кеткен мемлекеттік шығындар мен әуежайға төлейтін айыппұлын қоса алғанда 2 миллион 727 мың теңге төлеуге міндеттелді. Айыпты жігіт өткен айда үйінде ерігіп отырып, «әуежайда бомба бар» деп полицияға қоңырау шалған. Ғимараттан жоқ жарылғыш затты іздеп сабылған тәртіп сақшылары, есесіне жалған ақпарат берген тентекті тез тауыпты. 28 жастағы жігіт үйленбеген әрі жұмыссыз екен. Еріксе телефон тұтқасын ұстайтын тентектің қарызға белшеден батқаны өз алдына, енді бір жарым жылдай бостандық көрмейтін болды.