Астанада адамдар жаппай тәттіден ұшынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада адамдар жаппай тәттіден ұшынды

Астанада адамдар жаппай тәттіден ұшынды

Астанада тағы жаппай астан ұшыну! Жұқпалы аурулар ауруханасына бір мезетте  жиырмадан астам науқас түсті. Оның тең жартысына сальмонеллёз диагнозы қойылған. Ұшынғандардың ең кішісі бар болғаны 4 жаста.

  • 16 Шiлде 2015
  • 290
Фото - Caravan.kz

Ауруханадан бір-ақ шыққандардың бәрі Астанадағы супермаркеттің бірінен сатып алған түрлі тәттілер мен торт жеген. Содан кейін өздерін нашар сезіне бастаған екен. Енді тәттіқұмар адамдар әлі бірнеше күн  ауруханада ем алуы тиіс. СЭС қызметкерлері қазір кәсіпкерлік нысанын тексеруге көшкен. Ал дүкен қожайыны сөредегі тәттілерді дереу алып үлгеріпті.

Ләззат Аяшева, Астана қалалық жұқпалы ауруханасының бөлім меңгерушісі :

-20 науқас жатыр. Оның арасынан 11 адамға сальмоноллез деген диагнозы анықталды. 2 науқас үйіне жіберілді. Көбісі торт, пирожный жедік дейді.