Биыл Қазақстанда қырықтан астам адам пойыздың астына түсіп мерт болған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қазақстанда қырықтан астам адам пойыздың астына түсіп мерт болған

Биыл Қазақстанда қырықтан астам адам пойыздың астына түсіп мерт болған

Биылғы жылдың бірінші жартысында темір жол бойында 139 бақытсыз жағдай болды. Оның ішінде 44 адам мерт болды.

  • 16 Шiлде 2015
  • 802
Фото - Caravan.kz


Көлікті ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14-шілде күні "Алматы-2 – Алматы-1" өткелінде темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған тұрғынды Алматы-Үрімші пойызы қағып кеткен. 54 жастағы еркек сол жерде жан тапсырды.
Темір жол көлігінің қауіптілігіне қарамастан, азаматтар қарайым қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Жолды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтеді, пойыздың жақындап қалғанына қарамастан жолға жүгіріп шығады, делінген хабарламада.
Биыл осындай заң бұзушылықтарға жол берген 18 мыңнан астам адамға əкімшілік айыппұл салынды.