деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Отырысқа қатысушылар агроөнеркәсіп, отын-энергетика, логистика, өнеркәсіп, туризм, мәдениет салаларында әріптестікті одан әрі күшейту керек екендігін бірауыздан атап өтті, делінген хабарламада.
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев украиналық жаққа ЭКСПО–2017 көрмесіне қатысуды ұсынды, Украина ол көрмеге турист ретінде ғана емес, толыққанды қатысушы ретінде қатысатындығына үміт білдірді.
Киевте өткен комиссия отырысы Украина президенті Петр Порошенконың биыл күзде Қазақстанға сапарын дайындаудың басты кезеңі болып табылады.