Атырау облысында шабақтарды құтқару жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында шабақтарды құтқару жұмыстары басталды

Атырау облысында шабақтарды құтқару жұмыстары басталды

Атырау облысында шабақтарды құтқару жұмыстары басталды. Оған өңірдегі балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын мамандары мен еріктілер тартылған. Тек бір күннің өзінде Қоржын және Алмағамбет көлдерінен 60 мыңға тарта шабақ сүзіліп, Жайық өзеніне жіберілді.

  • 17 Шiлде 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz

Жазғытұры өр суы келгенде бұл көлдер суға толады.  Тау суымен келген сазан, жайын, қаракөз, табан секілді балықтар осы жерге уылдырық шашады екен. Ал өзен деңгейі төмендегенде ұсақ шабақтар көлшіктерден шыға алмайды. Шабақтарды сүзуге көл маңындағы ауыл тұрғындары да көмектесіп жатыр. Дегенмен әлі де еріктілердің көмегі қажет. Шілде айының басында осы Махамбет ауданындағы Қарашығанақ су айдынында 1 тоннаға жуық балық қырылған болатын. Мамандар оның себебін желбезектілерге тайыз суда оттегі жетіспегеннен деп түсіндірген. Ал бұл жолғы шабақтарды құтқару жұмыстары тамыз айына дейін жүргізілмек.

Бакужан Қожахметұлы, балықшы:

-Таңертеңнен бері аулағанымыз 37 мыңдай шабақты ауладық. Жайық бойына жібердік. 14 рейс апардық, мынау салып жатқанымыз 15-ші рейс.  Өздеріңіз көріп отырғандай үш жерден ау салынып жатыр. Барынша құтқарып жатырмыз.