Грекияда ереуілшілер полициямен қақтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекияда ереуілшілер полициямен қақтығысты

Грекияда ереуілшілер полициямен қақтығысты

Грекия үкіметінің кредиторлармен арадағы келісімі жақтастар арасына да жік салды. Премьер-министр Алексис Ципрасты парламентті партияластарының біразы қолдаған жоқ. Бір қызығы оппозиция дауыс беріп, құжат қабылданып кеткен.

  • 17 Шiлде 2015
  • 208
Фото - Caravan.kz

Биліктегі Сириза  партиясының өкілдері Ципрасты сайлау алдында берген уәдесінен тайды деп отыр. Үкіметке келер алдында бұл саяси одақ гректерге жалақы, әлеуметтік төлемдер қысқармайды, зейнет жасы ұзармайды, ешқандай таршылық болмайды деп талай нәрсені уәде еткен. Бірақ мұның бәрінен Брюссельдегі саммитте бас тартуға тура келді. Еуроодақтың қатаң талаптарымен келіскен соң ғана Ципрас Үкіметі 86 млрд доллар қосымша көмек алуға қол жеткізіп отыр. Бұған келіспеген тұрғындардың алды наразылықтарын ашық білдіре бастады. Афина көшелеріне шыққан ереуілшілер полициямен қақтығысып, көшедегі кейбір нысандарға отқа қойған. Наразы топқа тқарсы тәртіп сақшылары күш қолдануға дейін барды.