Елімізде жиі апатқа ұшырайтын көліктер аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жиі апатқа ұшырайтын көліктер аталды

Елімізде жиі апатқа ұшырайтын көліктер аталды

Ішкі істер министрлігі жол апатына жиі ұшырайтын автокөліктерді  атады. Тізімнің көш басында Тойота тұр.

  • 17 Шiлде 2015
  • 330
Фото - Caravan.kz

Одан кейінгі орындарда немістің Mercedes, Volkswagen және Аudi көліктері. Бұлар да басқа маркалы машиналарға қарағанда көбірек апатқа түседі екен. Жоғары жылдамдықпен жүйіткитін шетелдік көліктерден ресейлік ВАЗ да қалыспайды. Автокөлік маркаларының мұндай түрлерінің жиі апатқа ұшырауы бекер емес. Өйткені олар кең қолданыстағы көліктер. Әсіресе, Лада 800 мыңға жуық. Кейін Toyota, Volkswagen, Audi және Mercedes. Көліктердің көбі ақ, қара және сұр түсті деген де қызықты ақпарат бар.  Бір өкініштісі, автокөліктердің қандайы болмасын, апатқа ұшырағанда адам шығыны азаймай тұр. Тек жыл басынан бері мыңнан астам адам жол үстінде жан тапсырыпты.