АҚШ-тың солтүстік батысында мұнай тиелген пойыз рельстен шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың солтүстік батысында мұнай тиелген пойыз рельстен шығып кетті

АҚШ-тың солтүстік батысында мұнай тиелген пойыз рельстен шығып кетті

106 вагоны бар мұнай тиелген пойыз АҚШ-тың солтүстік батысындағы   Монтана штатының ауылдық жерінде рельстен шығып кетті, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

  • 17 Шiлде 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Жапа шеккендер немесе өрт шығу ақпараты әзірге түсе қойған жоқ.

Апат бейсенбі күні кешке Солтүстік Дакота штатымен араадағы шекарада орын алған. 22 вагон жолдан тайды.

Өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар бойынша қызмет мұнайдың төгілуін тексеріп жатыр, сонымен қатар жақын жердегі үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерлерге шығаруда.

Оқыс оқиғаның салдарынан билік аймақтағы басты көлік жолы — №2 федералдық шоссені жабуға мәжбүр болды.