Термометр қазір елдің басым бөлігінде 40 градустан түспей тұр. Осының салдарынан жедел-жәрдем шақыртқандар саны 10 есе артыпты. Ал ауа-райының жақын арада қалыпқа келер түрі жоқ. Себебі Сахарадан бет алған ыстық ауа массасы еуропалықтарды қыспаққа алуда. Синоптиктер тура осындай температура Италияда көлеңкеде болады деп отыр. Ашық алаңқайларда тіпті 50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.