Әлем Boeing-777 ұшағының құрбандарын еске алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем Boeing-777 ұшағының құрбандарын еске алып жатыр

Әлем Boeing-777 ұшағының құрбандарын еске алып жатыр

Австралия, Малайзия, Голландия мен Украина халқы Boeing-777 ұшағының құрбандарын еске алып жатыр. Бүгін жолаушыға лық толы әуе көлігінің Донецк аймағында атып түсірілгеніне тура 1 жыл. Сол лаңкестік шабуыл кезінде 298 адам жан тәсілім еткен еді.

  • 18 Шiлде 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Амстердамнан Куала-Лумпурге беттеген ұшақты кімдердің атып түсіргені әлі нақты айтылған емес. Дегенмен осы қанды қылмысты зерттеген халықаралық комиссияның алғашқы қорытындылары белгілі. Бүгін австралиялық news.com сайты лайнер құлағаннан кейін түсірілген видеоны жариялады. 17 минуттық таспада сепаратистердің «қара жәшікті» бірінші болып табуға жанталасып жүргені бейнеленген. Соған қарағанда, бүлікшілердің жасырғаны бар деп топшылайды ақпарат құралдары. Бір анығы зымыран осы сепаратистердің бақылауындағы аумақтан атылған. Тергеуді Голландиялық әуе қауіпсіздігі басқармасы жүргізіп жатыр. Оның ресми қорытындысы қазан айында жарияланбақ. Қазір бірқатар елдер осы лаңкестік шабуылға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында халықаралық трибунал құруды талап етуде.