Серік Ахметовтың соты өтетін күн белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметовтың соты өтетін күн белгілі болды

Серік Ахметовтың соты өтетін күн белгілі болды

Серік Ахметовтың соты өтетін күн белгілі болды. Шілденің  27 күні экс-премьер Қарағандыдағы сотта жауап бермек.

  • 18 Шiлде 2015
  • 447
Фото - Caravan.kz

326 томдық істің ауқымдылығы сонша сот кең ғимарат іздеп біраз қиналды. Кейін тапқанымен ол процесске қатысқысы келетіндердің бәрін сыйдыра алмасы анық. Ал шатылып жатқан экс-премьерге 6 бап бойынша айып тағылып отыр. Қызмет бабын пайдаланып, бюджет ақшасын жымқырған. Онымен қоса, миллиондап пара алған. Тергеу материалдарына қарағанда, Ахметов Қарағанды облысын басқарған тұста индустриалды парктің құрылысына бөлінген бюджет ақшасын қалтасына басыпты. Атышулы іс бойынша, тағы 21 күдікті бар. Олардың барлығы лауазымды қызметтерді атқарған. Арасында Қарағанды облысы мен қаланың бұрынғы әкімдері бар.

Қылмыстық топтан мемлекетке келген зиян 3 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Серік Ахметовке судья Исламхан Есенбаев үкім кесетін болады.