Бішкекте көзі жойылған лаңкестер арасында Қазақстан азаматтары бар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте көзі жойылған лаңкестер арасында  Қазақстан азаматтары бар

Бішкекте көзі жойылған лаңкестер арасында Қазақстан азаматтары бар

Қырғызстанда екі бірдей арнайы операция кезінде 6 экстремистің көзі жойылды. Барлығы халықаралық лаңкестік ұйым мүшелері болған. Оққа ұшқандар арасында Қазақстан азаматы бар. Сондай-ақ тағы бірнеше экстремистің қолына кісен салынды.

  • 18 Шiлде 2015
  • 469
Фото - Caravan.kz

Лаңкестіктің алдын-алу операциясының бірі Шу облысында жүргізілген. Үйде жасырынған 2 адам полицейлерге оқ атып, қарулы қарсылық көрсетіпті. Атыс кезінде екеуінің де көзі жойылды. Дәл осы уақытта Бішкек орталығында келесі құрықтау операциясы жүзеге асырылған. Арнайы қызмет өкілдерінің қолынан көз жұмған содырлар тобы Бішкекте Айт намазы кезінде теракт жасамақ болыпты. Қаскөйлер арасында Қазақстан азаматы – Жанболат Әміров те бар. Отандасымызды Қырғыз құзырлы орындары өткен айдан бері ұстай алмай жүрген. Әміров сыбайласы Альберт Абхин екеуі заңсыз шекара кескені үшін ұсталып, Бішкек түрмесінен қашып кеткен болатын. Абхин кейін арнайы жасақпен атыс кезінде өзін-өзі жарып жіберді.