Спортшы акуланың аузынан аман қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортшы акуланың аузынан аман қалды (ВИДЕО)

Спортшы акуланың аузынан аман қалды (ВИДЕО)

Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан J-Bay Open турнирінде серфингтен үш дүркін әлем чемпионы Майкл Фэннингке акула шапты, деп жазады USA today басылымы.

  • 20 Шiлде 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

 Акула спортшы енді өз өнерін көрсетуді бастағалы тұрған кезінде оның арқа тұсынан келіп қаппақ болды. Алайда, Фэннинг одан қашып үлгерді. 
«Мен енді қимылымды бастағалы тұрғанмын. Артымнан бірдеңенің келе жатқанын сезіп, қашып үлгердім. Оны теуіп, айқайлап шапшаң қимылдадым», — деді аман қалған спортшы. 
Қайғылы оқиғамен аяқтала жаздаған жағдайға байланысты турнир кейінге шегерілді.