Астанада жолдың жабылуына байланысты кей автобустардың қозғалыс кестесі өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолдың жабылуына байланысты кей автобустардың қозғалыс кестесі өзгерді

Астанада жолдың жабылуына байланысты кей автобустардың қозғалыс кестесі өзгерді

Астана қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша,

  • 20 Шiлде 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz


жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жангельдин және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы жабылды, деп хабарлайды astana.kz.

Жол жөндеу жұмыстары аясында аталмыш жолдар аумағында су құбырларын, жылу трассасын тарту және жауын-шашынға, тұрмыстық мақсаттарға арналған кәріздерді орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар жол қозғалысы шектелген аймақта абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Жангельдин-Бейбітшілік көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйек күні аяқталмақ.
Осыған байланысты №9, 10, 23, 33 автобустарының қозғалыс кестесіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш бағытта жүретін қоғамдық көліктер Бөгенбай батыр даңғылы арқылы жүретін болады.