Өскемендік құтқарушылар жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендік құтқарушылар жұртты шошытты

Өскемендік құтқарушылар жұртты шошытты

Өзенде шомылып жүрген өскемендіктерді бетперде киіп, шалғы ұстаған әлдекім шошытты. Ажалды осылай бейнелеген судан құтқару қызметі демалушыларға қауіпсіздік ережелерін тағы бір еске салмақ болыпты.

  • 21 Шiлде 2015
  • 263
Фото - Caravan.kz

Құтқарушылардың қайығына мініп алған ол әсіресе ішімдік ішкендердің зәре-құтын қашырыпты. Аптап ыстыққа байланысты жағажайда ине шаншар жер жоқ. Сол себепті қауіпсіздік шаралары да күшейтілген. Жалпы, шомылу маусымы басталғалы мұнда 39 адам суға кетіпті. Ал бүгінгі шара ішімідікке тойып алып сүңгитіндер мен жүзе алмаса да судан қайтпайтындарды тезге салуға септігі тиер,-деп отыр төтенше жағдайлар қызметкерлері.