Ресейде қазақ дипломаттарының көлігін соққан жүргізуші шығынды өтейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде қазақ дипломаттарының көлігін  соққан жүргізуші шығынды өтейді

Ресейде қазақ дипломаттарының көлігін соққан жүргізуші шығынды өтейді

Жүгенсіз жүргізуші Ресейдегі қазақ дипломаттарын қызметтік көліксіз қалдыра жаздады. Мәскеуде Қазақстан елшілігі алдында тұрған 3 қымбат машинаны мас жүргізуші оңдырмай соққан.

  • 21 Шiлде 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Апаттан қызыл дипломатиялық нөмірлері бар 2 Toyota мен 1 Hondaға айтарлықтай зақым келді. Тізгінге ие бола алмаған жүргізуші алдымен ВМW-мен түйісіп, қатты жылдамдықпен тоқтай алмаған күйі Қазақстан елшілігіне тиесілі қөліктерге соғылған. Ереже бұзған Мәскеу тұрғынының арақ ішкені белгілі болды. Апатқа байланысты трамвайлардың қозғалысы тоқтатылып жол жабылған. Дипломаттарға келген шығынды енді кінәлі жүргізуші өндіріп беруі тиіс.