Петропавлда жауын салдарынан 37 жеке үйді су басты (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жауын салдарынан 37 жеке үйді су басты (ФОТО)

Петропавлда жауын салдарынан 37 жеке үйді су басты (ФОТО)

Петропавлда өткен демалыс күндері қатты жауын салдарынан 37 жеке үйді су басты.

  • 21 Шiлде 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

Негізінен, Жұмысшылар кенті, Бензострой, Подгора мен Копай аудандарының тұрғындары жапа шекті. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты 2015 жылы 18-19 шілдеде Петропавлда 37 жеке тұрғын үйді  су басты. Алаңдаған азаматтар «112» қызметіне телефон соғып, көмек сұраған. ТЖД дағдарыс орталығының базасында жеделштаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», — деді СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Болат Итжанов.

Адамдарды құтқару шарасына 40-тан астам құтқарушы мен  12 техника тартылды. Үйлерден 1 500 текше метрден астам жауын суы шығарылды, деп хабарлады ведомствода. 


null null null null