ОҚО-да қымыз, шұбаттан жасалған балмұздақ патенттеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да қымыз, шұбаттан жасалған балмұздақ патенттеледі

ОҚО-да қымыз, шұбаттан жасалған балмұздақ патенттеледі

Қымыз және шұбат негізінде жасалған балмұздақ патенттелмек, деп хабарлады ОҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметінен. 

  • 21 Шiлде 2015
  • 499
Фото - Caravan.kz


Ұлттық зияткерлік меншік институты Шымкент қаласындағы филиалының директоры елге танымал «Ладушки» тауар белгісінің құқық иегері, жеке кәсіпкер С.Г. Лугинамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында зияткерлік меншік объектілерінің түрлері және олардың тіркелуі туралы сөз қозғалды.
Нәтижесінде С.Г.Лугина өзі ойлап тапқан «Қымыз және Шұбат негізіндегі балмұздақ өндірісі» атты өнертабысына патент алуға өтінім толтырып, тапсырды.
Қымыз және шұбат негізінде жасалған балмұздақ қазіргі таңда қаламызда сатылымға шығып, халық арасында сұранысқа ие.