Қаржы министрлігі жария етілетін ақша қаражаттарын банкте сақтау туралы талапты алып тастауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі жария етілетін ақша қаражаттарын банкте сақтау туралы талапты алып тастауды ұсынды

Қаржы министрлігі жария етілетін ақша қаражаттарын банкте сақтау туралы талапты алып тастауды ұсынды

Қаржы министрлігі жария етілетін ақша қаражаттарын банкте сақтау туралы талапты алып тастауды ұсынды.

  • 21 Шiлде 2015
  • 639
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыруды жеңілдету тақырыбындағы брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.

«Жария ету акциясын мейлінше жеңілдету жағына қайта қарау, сонымен бірге құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан кепілдіктерді қамтамасыз ету туралы Елбасы тапсырма жүктеген болатын. Осыған орай, Қаржы министрлігі тиісті жаңа заң жобасын әзірлеп отыр», — деді Ардақ Теңгебаев.


Оның айтуынша, жаңа заң жобасы аясында ақшаны жария ету бойынша үш опция ұсынылып отыр.

«Бұл біріншіден, ақшаны сақтау бойынша міндеттеме алмастан алым төлеместен, өз қалауынша шектеусіз билік ете отырып, банктегі шоттарға салу жолымен жария ету ұсынылады. Қазіргі таңда заңнамамызда жария етілетін қаражатты бес жылға дейін банкте сақтау талап етілетін норма бар болатын. Біз осыны алып тастауды ұсынамыз», — деді А.Теңгебаев.