Олардың пайымдауынша, Түркияда соңғы кезде белең алған осындай оқиғалар биліктің шарасыздығынан болып отыр. Тіпті, күрдтер «Ирак пен Леванттың лаңкестік тобының» содырларымен ашық шайқасқа шығамыз дейді. Сөйтіп, алғашында бейбіт түрде басталған шерудің соңы қақтығысқа ұласты. Наразы топ полиция жасағына шөлмектер мен тас ата бастаған соң тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен су атқыштарды қолдануға мәжбүр болды. Дәл осындай көтерілістер Анкара мен Диярбакыр қалаларында да болды, — деп хабарлайды http://24.kz/.