Көлікпен жарысқан астаналық жастар Бурабайды басына көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікпен жарысқан астаналық жастар Бурабайды басына көтерді

Көлікпен жарысқан астаналық жастар Бурабайды басына көтерді

Елірген астаналық  жастар Бурабайда демалып жатқандарды шошытты. Курортты аймақтың жолында көлікпен жарысқандар қарсы бағытта келе жатқан машиналарды төңкере жаздаған. Бұл экстремалды қалағандардың қылығынан әсіресе, балалар қатты қорқып қалыпты.

  • 22 Шiлде 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

-Мама, бізге соғады ғой. Мама…

Мына кадрлерде қос Мерседеске мінген жастар газды өкірте басып, зулап келеді. Терезеден бастарын қылқитса, кейбірі көліктің үстіне шығуға дайын. Бар даусымен айғайлап, жолды қасақана кесіп, қарсы бағытқа шығып жүр. Бурабайға барып, еріккен елордалық қыз-жігіттерді тек патрульдік полиция әзер тоқтатты. Енді оларға ірі көлемде айыппұл салынбақ.