Астанада автобусқа жасырылған есірткіні иісшіл ит тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобусқа жасырылған есірткіні иісшіл ит тапты

Астанада автобусқа жасырылған есірткіні иісшіл ит тапты

Қап-қап есірткіні еш қымсынбастан жолаушылар автобусымен тасымалдаған! Алайда, иісшіл иттен айласын асыра алған жоқ.

  • 22 Шiлде 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

Әлдекімдер 100 келідей марихуананы Тараз-Астана бағытындағы автобуспен жеткізбек болған. Тек Елордаға кіре берістегі автобекетте иісшіл иттер үріп сала беріпті. Тексеру кезінде жолаушылар жүгінен бөлек, 2 ала сөмке толы марихуана табылды. Оның жолын кескен қызметтік Арни есімді ит. Осы лабрадор болмаса, есірткінің ірі партиясы қара нарыққа өтіп кетуі әбден мүмкін екен. Қазір із жасырып үлгерген есірткі тасымалдаушылар іздестіріліп жатыр. Ал автобус жүргізуші сөмкеде не барын білмедім деп ақталып бағуда.