Таспада жас жігіттің еш қорықпастан есік алдында тұрған Toyota Land Cruiser-ге бензин шашқаны анық көрініп тұр. Кейін сіріңкемен тұтатып, ізін суытқан. Санаулы минутта 18 млн теңгенің джипінің күлі ғана қалды. Бұл осы айдағы бірінші қылмыс емес. Маусымның басында да осы қаскөй екі джипті өртеп кеткен. Жөніне тұрған көліктерге от қойып жүрген азамат, бір қызығы, тек Toyota маркалы жол талғамайтын темір тұлпарларды таңдайды екен. Бүгінге дейін 5 көлік осылай күлге айналса да полицейлер бұзақыны әлі таба алмай жүр.