Жазатайым оқиға Семей өңіріндегі Бобровка ауылында болды. Жекеменшік үй ауласында жөндеу жұмыстары кезінде бензобакта бу-ауа қоспасы жарылып, ер адамның киімін өрт шалған.
39 жастағы қатты термикалық күйік алған ер адам түнде жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады ТЖ департаментінде.