Қазақстанның электронды энциклопедиясы жасалады - А.Мұхамедиұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның электронды энциклопедиясы жасалады - А.Мұхамедиұлы

Қазақстанның электронды энциклопедиясы жасалады - А.Мұхамедиұлы

Қазақстанда еліміздің барлық тарихи, мәдени құндылықтары мен саяси жетістіктері туралы толық мағлұматтар электронды энциклопедияда көрініс табады.

  • 22 Шiлде 2015
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Қазақстанның электронды энциклопедиясы жасалады. Бұл шынымен бірегей бағдарлама, бір сайтта Қазақстанның тарихы мен болашағы туралы барлық дүниелерді табуға болады. Аталған жоба «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстанды таныстыру аясында өте өзекті жоба болып табылады», — деп атап өтті министр. 


Оның айтуынша, министрлік ЭКСПО шарасына байланысты арнайы жоспар жасақтады. Бұл жоспар бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси маңызы туралы презентациялар өткізіледі. «ЭКСПО-2017» көрмесі мен халықаралық және Астананың қаржылық орталық ретіндегі әлеуеті мәдени-туристік кластерді құруға қажетті елорданың жаңа мәдени инфрақұрылымының дамуын талап етеді», — дейді А.Мұхамедиұлы.

Перейти к новостям спорта