Петропавлда қоғамдық көлік отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда қоғамдық көлік отқа оранды

Петропавлда қоғамдық көлік отқа оранды

Петропавлда өрт сөндірушілер қоғамдық көлікте шыққан өртті ауыздықтады. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2015
  • 274
Фото - Caravan.kz

«22 шілдеде сағат 13:16-да өрт сөндіру қызметіне Петропавл қаласы  Юбилейная көшесінде қоғамдық көлік өртенгені туралы хабар келіп түсті. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің сақшылары оқиға орнына жеткенге дейін №27 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобусты қызыл жалын толық жалмады. Сағат 13:26-да өрт тоқтатылды, сағат 13:57-де толық жойылды», — делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер келгенде оқиға орнында жолаушылар болмады. Жапа шеккендер жоқ.


Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамның 6 адамы мен бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.