Петропавлдың әуежайы жабылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдың әуежайы жабылып қалды

Петропавлдың әуежайы жабылып қалды

Петропавлдың әуе қақпасы тағы жабылды. Азаматтық авиация комитетінің мамандары әуежай ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды деген тоқтам жасаған.

  • 23 Шiлде 2015
  • 273
Фото - Caravan.kz

Бұл әуежай бұрын да бірнеше рет жабылған болатын. Бірақ басшылары жіберген олқылықтарын сол күйі түземесе керек. Өйткені, осы жолы да арнайы комиссия мұнда ұшып-қону қауіпті деп отыр. Әуежайда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техника жоқ. Мамандардың да кәсіби біліктілігі төмен деген байлам жасапты комиссия мүшелері. «Халықаралық» деген мәртебесі бар әуежайға бірнеше жылдан бері «Эйр Астана» сынды ірі әуе компанияларының ұшақтары қонбайды. Бүгін де Алматы мен Астанаға билет алған жолаушылар көкке көтеріле алмады.Жеке меншіктен жуырда ғана облыстық әкімдікке өткен әуежайда енді күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ.