Алматыда борышкерлер Келімбетовты кабинетінен шығара алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  борышкерлер Келімбетовты кабинетінен шығара алмады

Алматыда борышкерлер Келімбетовты кабинетінен шығара алмады

Банктер борышкерге қарызын кешірсін! Осылай ұрандаған борышкерлер бүгін кезекті рет Ұлттық банк алдында шу шығарды. Банктердің талабы тым қатал дегендер Қайрат Келімбетовтың өзін кездесуге шақырды.

  • 23 Шiлде 2015
  • 267
Фото - Caravan.kz

Келімбетов шық!

Қымбат пәтерлерді ипотекамен алғандар екінші деңгейлі банктер сылбыр жұмыс жүргізіп жатыр дейді. Себебі сәуірде басталған бағдарлама бойынша қазірше тек 3 борышкердің қарызы қайта қаржыландырылыпты. Ал 3 мыңнан астам өтініш 9 ай ішінде қаралып, бөлінген қаржы осы уақытта игерілуі тиіс болған екен. Бағдарлама бойынша, доллармен алған қарыз теңгеге аударылып, пайыздық үстемақы 26-дан 3-ке дейін түсірілмекші. Бірақ борышкерлер мұны да азсынып отыр.

Сұлубике Жақсылықова, «Баспана халықта қалсын» қоғамдық қозғалысының төрайымы:

-Қарыздың ай сайын қайтарылатын сомасы жеке-жеке есептелуі тиіс. Әрі табысы міндетті түрде ескерілсін. Егер 40-50 мың теңге болса біз келісер едік. Ал негізгі қарыз бен пайызды қосып, оны ай санына бөлгендері дұрыс емес. Біздің жағдайды да түсінулері қажет.