Семейде жылу тарифін қымбаттатпау мүмкін емес – әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жылу тарифін қымбаттатпау мүмкін емес – әкім

Семейде жылу тарифін қымбаттатпау мүмкін емес – әкім

Шығыс қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Семейде тарифті көтермей жылу компанияларын банкротқа ұшыраудан сақтап қалу мүмкін емес деп мәлімдеді.

  • 23 Шiлде 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz


«Тарифті қымбаттатпай болмайды. Немесе «Шығысэнерготрейд» пен бас компания банкротқа ұшырайды. «Семей су арнасы» компаниясындағы жағдай да қиын. «Жылукоммунэнерго» оған 300 млн теңгеден астам қарыз. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. (. . . .) біз экономикалық проблеманы шешу үшін осылай істеуіміз керек. Енді екі жыл осылай жалғасатын болса Семейдің ғана емес, жалпы ШҚО коммуналдық және энергетикалық жүйесі тығырыққа тіреледі», — деді Д.Ахметов бейсенбі күні Семей әкімдігінде өткен жиында.
Әкімнің айтуынша, жылумен қамтитын кәсіпорындар тарифтің төмендігіне байланысты осындай жағдайға душар болып отыр.
«Қаласақ та, қаламасақ та тарифті көтеруге тура келеді», — деп қосты Д.Ахметов.