Астанада Қытайлық автобустың неліктен отқа оранғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қытайлық автобустың неліктен отқа оранғаны белгілі болды

Астанада Қытайлық автобустың неліктен отқа оранғаны белгілі болды

Астананың қақ ортасында жолаушыға лық толы шағын автобус жанып кетті. Оқыс оқиға таңғы сағат 9-да жұрт жұмысқа асыққан қарбаласта   болған. Аяқасты тұтанған оттан қоғамдық көлік ішіндегі ұйқылы-ояу жолаушылар бір-бірін таптап әрең шығыпты.

  • 24 Шiлде 2015
  • 213
Фото - Caravan.kz

Құдай сақтап, ешкім зардап шеккен жоқ. Әп-сәтте күш алған қызыл жалыннан №109-шы автобустың түгі қалмады. Ал, оның жүргізушісі «101» қызметі келгенше, шелекпен су шашып отты сөндіруге тырысты. Бірақ бой бермеген тілсіз жаудан қоғамдық көліктің қаңқасы ғана қалған. Кейін белгілі болғандай, Қытайда шығарылған автобус электр сымдарының тұйықталуынан отқа ораныпты.